«Мен бұл пікірмен келіспеймін»: Иманбек Әли Оқаповқа қолдау білдірді

«Керісінше, ол үшін қуанайық, қолдайық, өйткені біздің, шығармашылық адамдардың бір ғана міндетіміз бар, ол – біз еліміздің мәдениетін көтеру!»

«Мен бұл пікірмен келіспеймін»: Иманбек Әли Оқаповқа қолдау білдірді
tengrinews.kz

«Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Instagram-дағы жеке парақшасында «Құрмет» орденімен марапатталғаннан кейін сынға ұшыраған әнші Әли Оқаповқа қатысты пікір білдірді.

«Досымыз әрі әріптесіміз Әли Оқапов «Құрмет» орденін алды, мен оны шын жүректен құттықтаймын! Бірақ, өкінішке қарай, ол көп сынға ұшырады, мен бұл пікірмен келіспеймін. Біз, музыканттар, тыңдарманымыздың көңілінен шығу үшін барлығын жасайтынымызды түсіндіргім келеді. Сондықтан, сіздерден сұраймын, оған теріс пікір жазудың қажеті жоқ, мені бұл марапатқа лайық деп жазудың қажеті жоқ… Керісінше, ол үшін қуанайық, қолдайық, өйткені біздің, шығармашылық адамдардың бір ғана міндетіміз бар, ол – біз еліміздің мәдениетін көтеру!», – деді Иманбек.