Жүзден астам адам қаза тапқан: "АрселорМиттал" шахталарындағы қайғылы оқиғалар

Әлем бойынша штатында 222 мыңнан астам қызметкері бар "АрселорМиттал" компаниясының бір өкілдігі. Компанияның әлемнің 60 елінде өкілдігі бар.

Жүзден астам адам қаза тапқан: "АрселорМиттал" шахталарындағы қайғылы оқиғалар
ашық дереккөз
1074

"АрселорМиттал Теміртау" елімізде 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде кешеннің шахталарында түрлі апат болып, 100-ден аса адамның өмірі қиылған. Бір рет аза тұту күні жарияланған.

1995 жыл

1995 жылғы қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада метан жарылып, 13 шахтер қаза тапқан. Жарылыстың себебі көмір мен газдың кенеттен бөлінуі, содан кейін метан-ауа қоспасының жарылуы болды.

1998 жыл

1998 жылғы қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада газ жарылып, 3 адам қаза тапқан. Жарылыс себебі – техникалық ақау.

2004 жыл

2004 жылғы желтоқсанда "Шахтинская" шахтасында лавада газ жарылды. Жарылыс кезінде ол жерде 89 адам болған. 23 адам қаза тапты. 

2006 жыл

2006 жылғы қыркүйекте Ленин атындағы шахтада аса қайғылы оқиға болды. Желдету құбырларын ауыстыру кезінде жарылыс болды.  41 адам қайтыс болды. Жарылыс толқыны 4,5 шақырымды қамтыды. Елде аза тұту күні жарияланды.

2008 жыл

2008 жылғы қаңтарда "Абай" шахтасында жарылыс болды. 30 адам қаза тапты. Сол жылғы маусымда "Тентек" шахтасында тағы жарылыс болып, 5 адам қаза тапты.

2021 жыл

2021 жылғы қарашада "АрселорМитал Теміртау" Көмір департаментінің Абай шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 64 адам болған, олардың 8-і апаттық кенжарда жұмыс істеген. 6 кенші қаза тапты. Қарашадағы оқиғадан соң алты ай өткен соң, кәсіпорын цехында шатыр құлап, 4 адам қаза тапты. 

2022 жылғы апаттар

2022 жылғы ақпанда АМТ кәсіпорнының "Шахтинская" шахтасында тау-кен жұмыстарын орындау кезінде шатырдан көмір сырғып кетті (пайдалы қазбалар қабатының үстінде жатқан жыныстар). Ешкім зардап шеккен жоқ-сою алаңында болған төрт кенші оны уақытында тастап үлгерді.

2022 жылғы маусымда АМТ компаниясының нысандарында бір аптада 5 адам қаза тапты. 

2022 жылғы қарашада Қарағанды облысындағы АМТ кәсіпорнының Ленин атындағы көмір шахтасында метан жарылды. Жарылыс кезінде шахтада 106 адам болды, оның 5-і қайтыс болды, 9-ы зардап шекті.

2023 жыл

2023 жылғы тамызда "Қазақстан" шахтасында өрт болып, 5 адам қаза тапқан.

Осы трагедиядан екі ай өтпей жатып, бүгін, 28 қарашада Костенко атындағы шахтада метан жарылды. 10:00-дегі жағдай бойынша, 16 адамның денесі табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы кеншілердің жақындарына көңіл айтып, Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берілді.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы –  еліміздегі тау-кен металлургия секторындағы ірі кәсіпорын және өзінің көмір, темір рудасы және энергетикалық базасы бар кешенді тау-кен металлургиялық кешен ретінде сипатталған. Әлем бойынша штатында 222 мыңнан астам қызметкері бар "АрселорМиттал" компаниясының бір өкілдігі. Компанияның әлемнің 60 елінде өкілдігі бар. 

Серіктес жаңалықтары