1046
Қарағанды шахтасында қаза тапқандар саны 16-ға жетті
Әлі 31 кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 16-ға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
10:00-дегі мәліметке сүйенсек, 252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінген. Әлі 31 кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. 16 кеншінің денесі табылды. Апат орнында PVASS құтқарушылары жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп тұр, – деп жазылған ақпаратта.