Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды, деп хабарлайды turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорда Президенттің Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқаны туралы мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырғаны айтылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Сонымен қатар, «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берілді.
«АрселорМитталТеміртау» 1996 жылы 26 маусымнан бері жұмыс істеп келген.