Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан алтын бұйымдарды ұрлаған

Ол жеке кәсіпкерге 573 мың теңгенің көлемінде шығын келген.

Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан алтын бұйымдарды ұрлаған
smarttop.kz
541

Астаналық тұрғын бұрынғы жұмыс орнынан алтын бұйымдарды қолды қылған, деп хабарлады turkystan.kz.

Нұра аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны келіп, ломбардтан алтын бұйымдардың жоғалғаны туралы арызданған.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, тексеру барысында алтын жүзік, алқа, сырға тәрізді жалпы саны 9 зергерлік бұйым қолды болып, жеке кәсіпкерге 573 мың теңгенің көлемінде шығын келгені белгілі болды.

«Оқиғаны зерделеу кезінде бұрын осы ломбардта зергер болып жұмыс істеген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Сұрақ-жауап алу барысында 20 жастағы қала тұрғыны мүлікті қолды қылғанын және оны өзге ломбардқа өткізіп жібергені туралы мойындау көрсетпелерін берді.  Айғақты заттар, алтын бұйымдар тәркіленіп алынды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта анықталған азаматтың қала көлемінде тіркелген өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары