Ақтауда ер адамның үстіне лифт құлады (ВИДЕО)

Ер адам нан толы арбаны сүйремек болған сәтте қайғылы жағдайға душар болды.

Ақтауда ер адамның үстіне лифт құлады (ВИДЕО)
Видеодан кадр

Ақтауда қаласындағы сауда үйлерінің бірінде ер адамның үстіне лифт құлап, қаза болды, деп хабарлады turkystan.kz.

24 қазанда түнгі сағат 01:10 шамасында Ақтаудағы 3-шағынауданда 34 жастағы ер адамның үстіне лифті түсіп кетті.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, қызметкер нан толы арбаны сүйремек болған сәтте қайғылы жағдайға душар болды.

Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 3 бабының 156 тармағы бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қайғылы адам өліміне қатысты сараптама жұмысы тағайындалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін әзірге жарияланбайды.