6 ай бойы жаңа препаратпен емделген британдық әйел қатерлі ісіктен жазылып кеткен

Препарат әлі де сынақтан өтіп жатыр

6 ай бойы жаңа препаратпен емделген британдық әйел қатерлі ісіктен жазылып кеткен
euronews.com
834

Колоректальды қатерлі ісіктің сирек түрінен емделу үшін "достарлимаб" препаратын қабылдаған 42 жастағы әйелде 6 айдан соң қатерлі ісік белгілері байқалмаған. Ол қатерлі дерттің ерте сатысында болған, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. 

Кэрри Дауни – 17 жасар баласы бар жалғызбасты ана, Бір жыл бұрын оған ішек қатерлі ісігі диагнозы қойылған, бірақ қазір қатерлі ісікке қарсы жаңа препаратпен алты ай емделгеннен кейін жазылып кеткен.

"Достларима" препараты жасушада генетикалық ауытқулары бар колоректальды қатерлі ісіктің белгілі бір нұсқасына арналған. Препарат әлі де сынақтан өтіп жатыр 

Суонси университетінің Денсаулық сақтау Кеңесінің мәліметі бойынша, гендік ақау тік ішек қатерлі ісігінің 3,5-5 пайызында кездеседі екен.

Серіктес жаңалықтары