Бибарыс Спатай Паралимпиада ойындарында екінші жүлдесін ұтты

Бибарыс Спатай - Азия пара ойындарының күміс жүлдегері.

Бибарыс Спатай Паралимпиада ойындарында екінші жүлдесін ұтты

Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында VL3 санатындағы ерлер арасында параканоэ есуден финалдық жарыстар өтті. 

Қазақстан құрамасының өкілі Бибарыс Спатай өзбекстандық қарсыласы Хайтмұрот Шеркузиевтен небәрі 0,463 секунд артта қалып, екінші болды. Үшінші орынды жергілікті спортшы Пу Йи (+1,010) иеленді.

Қазақстандық үшін бұл осы ойындардағы екінші медаль болды. Бір күн бұрын ол KL2 санатында күміс жүлдеге ие болды.

Қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында Ханчжоудағы Пара ойындарында жеңіп алған он медаль бар – екі алтын, төрт күміс және төрт қола.