Жолды кесіп өту керек: жасөспірімдер арасында қауіпті ойын тарап жатыр

Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған.

Жолды кесіп өту керек: жасөспірімдер арасында қауіпті ойын тарап жатыр
ашық дереккөз
901

Елімізде жасөспірімдер арасында қауіпті ойын тарап жатыр. Оның шарты бойынша көлік, автобус немесе пойыз алдынан жолды кесіп өту керек, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын “Жүгір немесе өл” деп аталады екен. Қазақстандықтар бұған дабыл қағып, ата-аналарды ескертіп жатыр.

Риддер тұрғыны қауіпті ойынның куәсі болған. Ер адам көліктің алдынан жүгіріп жүрген жасөспірімдер тобын түсіріп алған.

“Сұр-жасыл күртеше киген бала көліктің астына түсе жаздады. Жүргізуші уақытында тоқтап үлгерді. Достары осыған күліп, қарап тұрды", – деді куәгер.

Маңғыстауда автокөлік жүргізушілері бір біріне ескерту жіберіп жатыр.

“Егер көлікпен жүргенде жол бойында жігіттерді көрсеңіз, абай болыңыздар”, – деп айтылады хабарламада.

Серіктес жаңалықтары