Өмірқұл Айниязов 200 мың долларға салынған үйін көрсетті (ФОТО)

Өнер иесі құрылысына 2-2,5 жыл кеткенін айтты.

Өмірқұл Айниязов 200 мың долларға салынған үйін көрсетті (ФОТО)
скриншот
1338

Әнші Өмірқұл Айниязов «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында үш қабатты үйін көрсетті.

«Үйге кіргенімізге 5 жылға жуық уақыт болды. Қазір қалаға қатынау қиын емес. Мен келген кезде бұл жерде адамдар оншақты жылдан бері тұрып жатыр екен. Осы жер телімі сатылмай қалыпты. Маған ұнағаны жолға жақын. Жігіттер жаңадан басталған, үй жоқ жерге салады ғой. Мен олай жасауға қорықтым. Халықтың арасында болған жақсы. Суы, газы үзілмейді. Үй үш қабатты, 300 шаршы метр. Ықшам әрі ыңғайлы. Әр қабат 100 шаршы метр.

Жарықты жақсы көремін. Үйдің дизайнын сызғанда терезелері көп болғанын қаладым. Үйдің құрылысы 2-2,5 жыл кетті. Есептегенде кеткен шығын жиһаздарымен, іші-сыртымен қосқанда 200 мың долларға жобалайды», - деді әнші.

 

Серіктес жаңалықтары