Елорда ғимараттарына мыңнан астам ту ілінді

Патриоттық шара жыл сайын өткізіледі.

Елорда ғимараттарына мыңнан астам ту ілінді
gov.kz

"Астана жастары" еріктілері мемлекеттік рәмізді дәріптеу бойынша алғашқылардың бірі болып үлкен акцияны бастады, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл тек безендірілген үйлердің тұрғындарының ғана емес, елорда көшелерімен өтіп бара жатқан адамдарды да қуанышқа бөлейді. Астаналықтар бұл бастаманы жылы қабылдап, акцияға қосылды.

"Мұндай көрініс ерекше әсер береді. Жұмысқа бара жатқанда осы көрініске көз жүгіртіп, еріксіз көңіл күйім көтеріледі. Менің ойымша, адамдарды күнделікті күйбең тірліктен алшақтатып, ойын бөлу керек", – деді Астана тұрғыны Тамара Суворина.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б.Момышұлы даңғылдары, Сарайшық, Сығанақ, Достық көшелері, Республика, Ұлы дала даңғылдары және т.б.), жол бойында ҚР тулары ілінген.