Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте 32 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді

Винцент әлемдік бокс рейтингінде жоғары сатыда тұр.

Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте 32 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді
Фото: ашық дереккөз
1877

«Adal Promotions» командасының боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11К) 17 қарашада Ташкентте неміс боксшысы Винцент Файгенбутцпен (39-3, 32К) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Винцент әлемдік бокс рейтингінде жоғары сатыда тұр. Тарқатып айтсақ, ол WBC - 11, IBF - 12, WBO - 13, Boxrec рейтингінде 24-орындf.

Бұл кездесу орта салмақта WBC Middleweight Elimination деңгейінде, яғни кездесудің жеңімпазы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары