Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Отандасымыз жуырда ғана Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2023 жылдың ең үздік боксшысы атанған еді.

Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
Фото: instagram.com/adal_promotions
5577

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) келесі жекпе-жегін Ташкентте өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Боксшының бұл кездесуі қашан және кіммен өтетіні әзірге белгісіз. Отандасымыз жуырда ғана Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы 2023 жылдың ең үздік боксшысы атанған еді. 

BoxRec порталының салмақ дәрежесін тәуелсіз рейтингінде де (Р4Р) Мейірім қазақстандық боксшылар көшін бастап тұр. Батыстық кей басылымдар оны Головкиннің ізбасары деп те жазып жатыр. 

Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) қазір алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастаған. Даярлық жұмыстарын Ақтауда өткізіп жатыр. 

Мейірім кейінгі кездесуі сәуірде болды. Ол Оңтүстік Кореяда өткен жекпе-жекте жапониялық Кадзуто Такесаконы (15-0-1, 14 КО) нокаутпен жеңді.

Серіктес жаңалықтары