Қазақстанда салықтың неше түрі бар?
Жаңа салық кодексі аясында кейбір төлемдер біріктіріліп жатыр.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елімізде салықтар мен төлемдердің санын 20%-ға қысқарту жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды Turkystan.kz.
«Біздің алдымызда салықтар мен төлемдерді 20%-ға азайту міндеті тұр. Төлемдер бұл бір нәрсе үшін, мысалы сотқа талап-арыз бергені үшін алынатын мемлекеттік комиссия. Экологиялық төлем дегенде бар», – деді министр.
Үкімет мүшесі салықтың қанша түрі қысқартылуы мүмкін екенін атап өтті.
«Бізде салықтың 11 түрі бар, оның 20%-ы, шамамен екі-үшеуі. Бірақ салықтың санына қатысты мәселе бар. Жаңа салық кодексі аясында кейбір төлемдерді біріктіріп жатырмыз және есеп беру көлемін 30%-ға қысқарту мақсаты тұр. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бұл өте маңызды. Өйткені кейде есеп беру кәсіпкердің жұмысын қиындатады. Әсіресе шағын, орта және қиын», – деді Ә. Қуантыров.