Атырауда көлік өзенге батып, екі адам мерт болды

Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігі шығарылды.

Атырауда көлік өзенге батып, екі адам мерт болды
atpress.kz
939

Атырауда көлік өзенге батып, екі адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының мәліметінше, 17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзенінің маңында автокөлік іздері барын хабарлаған.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. Көлік ішінен 1971, 1981 жылы туған екі ер адамның мүрдесі анықталды», – делінген хабарламада.

Бейнекамераларға 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып, Жайық өзеніне батқан сәті түскен. Қазіргі таңда мүрделерге сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары