Дүйсенбай Тұрғанов: Сауда-логистикалық хаб құру арқылы халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етеміз

Қазір ел ішінде сауда-логистикалық хабтарды құру және дамыту шешілмеген мәселе болып отыр.

Дүйсенбай Тұрғанов: Сауда-логистикалық хаб құру арқылы халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етеміз
ашық дереккөз
584

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Дүйсенбай Тұрғанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады. Сауалда сауда-логистикалық хабтарды құру және дамыту мәселесі көтерілді.

Қазіргі геосаяси жағдайда Еліміздің барлық өңірлерінде сауда-логистикалық хабтарды жедел дамыту қажеттілігі артып келеді. Идея ұзақ уақыт бойы пысықталуда, оны іске асырудың әртүрлі нысандары ұсынылды, бірақ тұтастай алғанда, мәні бір мақсат – халықаралық тауар өткізу жүйелеріне интеграцияланатын жаңа тауарларды складтау, сақтау, қайта өңдеу және өндіру бойынша қызметтер көрсететін сауда-логистикалық орталықтарды құру болып табылады. «Қазақстан өңірдің азық-түлік хабына айналуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта өнім өндіру, сақтау және тарату жұмыстарын ұштастыратын сауда-логистикалық байланыстардың өңіраралық жүйесі құрылады», - деді Президентіміз жақында Германияға жасаған ресми сапары барысында. Қазіргі уақытта ел ішінде сауда-логистикалық хабтарды құру және дамыту шешілмеген мәселе болып қалуда. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұрғанын ескере отырып аталған хабтарды барынша дамыту қажет. Өйткені, мұның маңызды аспекттісінің бірі – ол халықты қолжетімді бағамен базалық азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Бұл «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты бағдарламасының басты бағыты. Статистикаға сәйкес елімізде жыл сайын азық-түлік тауарларының қымбаттауы байқалады. Мемлекет басшысы бірнеше жыл бұрын, бағаны тұрақтандыру және отандық фермерлердің өнімін өткізу мәселесін көтерме-тарату орталықтары желісін іске қосу арқылы шешуін тапсырған.

Сонымен қатар, қойылған тапсырмаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардың салалық мүмкіндіктерінің үйлесімділігінің жоқтығы байқалады. Көлік министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Өнеркәсіп министрлігі барлығы өндіріс балансын, өнім көлемін, оның сапасын, тиімді көлік және цифрлық шешімдерді, ішкі және сыртқы қажеттіліктерді бағаламай тек өз бағытында жұмыс істеуде. Таяу болашақта азық-түліктің экспорттық-импорттық жеткізілімін қамтамасыз ету, жоспарланып отырған халықаралық көлік дәліздерін дамыту жөніндегі заманауи жобаларын мемлекеттік қолдау тетігі – ол экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болуға тиіс. Бұл сауда нарықтарын жаңғырту үшін серпін болады және тұтастай алғанда елдің экономикалық саясатының мақсаттарына қол жеткізуге және сауданың қазіргі заманғы форматтарын дамытуға ықпал ететіні белгілі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз мыналарды ұсынамыз:

Салалық министрліктердің қарамағындағы барлық бағыттарды нақты шоғырландыра отырып, еліміздің сауда-азық-түлік-логистикалық хабқа айналуы жөніндегі бірыңғай интеграциялық стратегияны қалыптастыру.

Дамуды және жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру үшін сауда-логистикалық хабтар арқылы көтерме сауданы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет.

Инвестициялардың қажетті көлемін, басымдықтарды, мемлекеттік қолдау алудың өлшемшарттары мен шарттарын айқындап сауда-логистикалық хабтарға мемлекеттік қолдау мәселесін қарастыру, – деді Дүйсенбай Тұрғанов.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары