Сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік биыл шілде айында енгізілген болатын. Алғашқы жағдай өңірдің Бұланды ауданында тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазан айында Макинск қаласының 44 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, бұрын көңіл қосқан ер адамның бірнеше ай бойы өзін аңдып жүргенін айтқан. Ер адам түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, оның жұмысына да, үйіне де келіп, қоғамдық орындарда пайда болып, оны торуылдаған.
Полиция анықтағандай, қыркүйек айында учаскелік инспекторлар ер адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарған. Сот оған бұрынғы сүйіктісіне жақындауға тыйым салған, алайда ол бұл талапты елемей, заңсыз әрекеттерін жалғастырған. Осыған байланысты жәбірленуші оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап, арыздануға мәжбүр болған.
Ер адам әйелді қудалағанын, қарым-қатынасты қайта қалпына келтіргісі келгенін мойындады, бірақ өзінің әрекеттерінің заңсыз екенін және мүмкін салдарын түсінгенін айтты.
Кейін жәбірленуші істі тоқтатуды сұрап, қарсы өтініш түсірді. Бақылаушы прокурормен келісілгеннен кейін тергеу аяқталды.