849
Мәулен Әшімбаев: Ұлттық құндылықтарымыз біздің бағдар ұстайтын темірқазығымыз болуы керек
"Өткенге құрметпен қарау, төл мәдениет пен дәстүрді бағалау – баршамыздың қастерлі борышымыз"
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысында ұлттық құндылықтар бәрінен биік тұруға тиіс екенін баса айтты.
"Өткенге құрметпен қарау, төл мәдениет пен дәстүрді бағалау – баршамыздың қастерлі борышымыз. Қай кезде де, әсіресе жаһандық ахуал шиеленіскен бүгінгідей кезеңде ұлттық құндылықтарымыз – біздің бағдар ұстайтын темірқазығымыз болуы керек.Сондықтан, бұл ретте бәрімізге маңызды міндет жүктеледі. Ол – ұлттық құндылықтарымызды барынша қорғау және дәріптеу. Әсіресе, заманауи тәсілдер негізінде оларды өскелең ұрпақтың санасына сіңіру маңызды деп есептейміз, – деді Мәулен Әшімбаев.