Түркістанда «АРМАНДА» халықаралық білім беру бизнес-форумы өтті

Теолог Нұрлан Асанов пен медиа менеджер Арман Давлетяров, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов ұлттық құндылықтар туралы өз ойларын ортаға салды.

Түркістанда «АРМАНДА» халықаралық білім беру бизнес-форумы өтті
halyqline.kz
1058

 Отбасы құндылығын дәріптеу, бала тәрбиесі және тұлғалық даму мәселелері бүгін Түркістан төрінде талқыланды. «АРМАНДА» халықаралық білім беру бизнес-форумы аясында танымал қазақстандық сарапшылар іс-шара қонақтарына баға жетпес тәжірибесін бөлісті.

Елімізге танымал теолог Нұрлан Асанов пен медиа менеджер Арман Давлетяров, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов ұлттық құндылықтар туралы өз ойларын ортаға салды. Басқосуда спикерлер әлеуметтік желіде жиі талқыланатын мәселелер төңірегінде  сөз қозғады.  

Форум аясында кәсіп бастағысы келетін жастарға да бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ, жұмыстың көзін тауып, табысты кәсіпкер атанудың құпиялары қамтылды.

Арман  ДАВЛЕТЯРОВ, медиа менеджер:

– Біз халықпен кездескенде ұлттық құндылықтар төңірегінде ғана айтпаймыз. Қаланы аралап, тарихи орындарда  боламыз. Оны әр барған қаламызда насихаттаймыз. Жалпы бұл басқосуды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - іскер азаматтарды спикер ретінде тартып, қоғам қайраткерлерін, медиа-бизнес өкілдерін және мыңдаған кәсіпкерлер мен Қазақстанның қарапайым тұрғындарын үлкен қайырымдылық миссиясына біріктіру.

  Халықаралық «АРМАНДА» білім беру бизнес-форумы ертең де   жалғасады. Аталған жоба аясында   спикерлер өңірлердегі балалар мен қарттар үйлерін және тағы басқа әлеуметтік мекемелерді аралап, студенттер мен аз қамтылған отбасылармен кездеседі деп жоспарланған. 

Серіктес жаңалықтары