Қайрат Боранбаев 66 млн АҚШ долларын қайтарды

Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектеп пен басқа да оқу орнын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталмақ.

Қайрат Боранбаев 66 млн АҚШ долларын қайтарды
ашық дереккөз
792

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев 66 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, Қайрат Боранбаев ісіне байланысты жүріп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде ол өз еркімен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеген.

"Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды", – деп жазылған хабарламада.

ҚМА өкілі бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектеп пен басқа да оқу орнын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатынын айтты.

"Көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтеген еді", – деді Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары