Ақтауда жанармай құю бекеті өртенді

Өрт 16 қазанда Ақтаудың 19А ықшам ауданында болған.

Ақтауда жанармай құю бекеті өртенді
Скриншот

Ақтауда жанармай құю бекетінде өрт болды. 

Оқиға 16 қазанда Ақтаудың 19А ықшам ауданында болған. Қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясының ғимаратындағы бөлмелердің бірінде өрт шыққан.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген бейнежазба пайда болды. 

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 

"Қоқыс өртенді. Өрттің ауданы - 30 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді", – делінген хабарламада.