"Сіздерден тығылып атып отырған жоқпыз": министр қай өңірде киік атылатыны неліктен құпия екенін айтты

Министр киіктерді ату орны неліктен құпия екенін түсіндірді.

"Сіздерден тығылып атып отырған жоқпыз": министр қай өңірде киік атылатыны неліктен құпия екенін айтты
ашық дереккөз
1059

Еліміздің қай аймағында киік атылатыны – құпия, бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мұнда, біріншіден, қауіпсіздік мәселесі бар. Екіншіден, егістік, шабындық орындарын сақтау керек. Халықты дүрліктіріп отырған кей азаматтар бар. Киіктің саны азайса, менің де қабырғам қайысады. Бірақ бүгінде киік саны көбейді, сондықтан мұны реттеу керек", – деді ол. 

Министр келесі жылы киіктер саны 2,6 миллион басқа жететінін айтты. Ал оның 1,6 миллионы БҚО аумағын мекендейді. 

"Бұл аймақтағы жайылым көлемі осынша киікті қамтамасыз ете алмайды. Салдары жұтқа әкеп соғуы мүмкін. Оның үстіне ғалымдардың сөзінше, Орал киіктері Бетпақдала киіктеріне қарағанда ұсақтау. Себебі Бетпақдала жайылым кең, шөп жеткілікті. Тіпті киіктердің арасында шөпке талас күшейген. Сіздерден тығылып атып отырғанымыз жоқ. Киік ату мәселесі тың бақылауда, штабтар құрылған. Олардың құрамында түрлі мемлекеттік орган өкілдері бар. Сондай-ақ орман мен аң шаруашылығы комитеті, ішкі істер министрлігінің аймақтардағы өкілдері киікті жасырын ату фактілерін болдырмау үшін әрекет етеді", – дейді Ерлан Нысанбаев.

Серіктес жаңалықтары