Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген

Ер адам көліктерді жалға алып, басқа адамға көліктің құжаты жоқ деген желеумен арзан бағамен сатып жіберген.

Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген
carprice.by
679

Алматыда ер адам жалға алған көлікті құжатсыз сатып жіберген, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы Алмалы ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады.

«Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ақша табудың «қарапайым» әдісін ойлап тапты. Көліктерді жалға алып, GPS-ін алып тастап, үшінші адамдарға көліктің құжаты жоқ деген желеумен арзан бағамен сатып жіберген. Ал ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. Тергеу барысында 1985 жылы туған О.есімді азаматтың осыған ұқсас алаяқтықтың 5 дерегіне қатысы бары анықталды. Қылмыстық істер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеліп жатыр. Айыпталушы қазір уақытша ұстау изоляторында отыр», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

 

Серіктес жаңалықтары