Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысты.

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)
polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, 16 қазан күні Toyota және Hyundai автокөліктері соқтығысқан. Инерциямен Hyundai автокөлігі жүк көлігіне барып соғылған.
 

«Салдарынан Hyundai автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, ал аяғы сынған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.


ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.