«Бір Алла сақтады»: Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев Түркістан облысы Сарыағаш қаласына бара жатқан жолда жол апатына түсті.

«Бір Алла сақтады»: Сәкен Майғазиев жол апатына түсті
turkystan.kz
3326

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Оның айтуынша, жан түршігерлік жол апаты болған. Екі көліктің жолаушылары да аман-есен. 

Жолда сақ болыңыздар! Бір Алла қақты! Сарыағашқа келе жатыр едік. Осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап, асықпай жүріңіздер! Жол тар, көлік көп. Бір-бірімізді басып озамыз деп осылай болды. Алла жар болсын. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір, – деді Сәкен Майғазиев.

Өнер иесі болған оқыс жағдайдан кейін алаңдап жатқан оқырмандарына алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары