Астанада полиция қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қазір күдікті қамауда.

Астанада полиция қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
vera.kz
730

Астана әуежайындағы желілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Соталды тергеу басталды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір күдікті қамауда.

«Көліктегі полиция басқармасының ішкі қауіпсіздік басқармасы Астана әуежайындағы желілік полиция басқармасының бұрынғы бастығына қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.11 қазанда Астана қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

 

Серіктес жаңалықтары