Қызылорда облысында үшем дүниеге келді
Үшеуі де қыз бала.
Қызылорда облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлады turkystan.kz.
15 қыркүйек күні Облыстық перинаталдық орталығында қала тұрғыны 30 жастағы Алтынай Байназарова үшемді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 34-аптасында дүниеге келген нәрестелер биыл жарық дүниеге есігін ашқан 2-ші үшемдер.
Шақалақтардың салмағы 2180, 2090, 1390 грамм. Үшеуі де қыз бала. Ата-әжелері немерелеріне Әмина, Медина, Ясина деген есімдер берді.
Шақалақтар 1 ай бойы перинаталдық орталықтың нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдап, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
«Ана мен бала орталығының босандыру бөлімшесіне, операция жасайтын және емдеуші дәрігерлеріне зор алғысымды білдіремін. Осындай орталықтарда қолайлы жағдай жасағандары, заманауи жабдықтардың болуы, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет. Сіздердің арқаңызда біздің сәбилер толыққанды өмір сүру мүмкіндігін иеленуде»,- деп анасы алғысын білдірді.
Жыл басынан бері Облыстық перинаталдық орталығында 8339 нәресте дүниеге келсе, соның ішінде 120 егіз, үшемдер - 2.