Қазақстан футзалдан ӘЧ іріктеу кезеңінде Әзербайжан құрамасын жеңді

Рикардо Кака шәкірттері 4 ойында да жеңіске жетті,

Қазақстан футзалдан ӘЧ іріктеу кезеңінде Әзербайжан құрамасын жеңді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу матчында өз алаңында Әзербайжан құрамасын жеңді, деп хабарлады turkystan.kz.

Рикардо Кака шәкірттері 4 ойында да жеңіске жетіп, 12 ұпаймен «А» тобының тізгінін ұстады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалдық турнирі 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.