830
Щучье қаласындағы студенттің өлімі: Тоқаев Ішкі істер министріне тапсырма берді
Президент Щучье қаласындағы студенттің өліміне қатысты істі бақылауына алды
Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды" деп жазды Ақорда әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.