Ақтөбеде ер адам сыныптасының үйінен зергерлік бұйымдар ұрлаған

Ақтөбелік тұрғын үйде тұрған қорапшадан алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Ақтөбеде ер адам сыныптасының үйінен зергерлік бұйымдар ұрлаған
don24.ru
1328

Ақтөбеде 24 жастағы жігіт сыныптасының үйіне қонаққа келіп, алтын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

8 қазан күні ер адам сыныптасына қонаққа келіп, пәтер иелері дастархан жайып жатқанда, қорапшадан алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

«Келтірілген шығын жалпы сомасы 460 мың теңге. Кейін күдікті ломбардқа зергерлік бұйымдарды кепілге қойып, түскен ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары