1601
Ұлттық ұлан сарбазы өз басына оқ атты
Оқиғаның себептері анықталуда.
ҚР Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің сарбазының қайтыс болу фактісі бойынша түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«9 қазан күні сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды», – делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.