Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрліктерінің алдында үлкен міндет тұр – депутат

Ел президентінің бүгінгі білім қызметкерлерінің алдындағы жолдауы – шын мәнінде баршамызды алаңдататын, болашағымызға алыстан көз жүгіртетін, бүкіл ұлт болып толғанатын мәселе.

Оқу-ағарту мен Ғылым және жоғары білім министрліктерінің алдында үлкен міндет тұр – депутат
Ақорда
549

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде сөйлеген сөзіне қатысты өз ойын ортаға салды.

«Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ұстаздар қауымының алдында еліміздегі білім саласының өзекті мәселелеріне тоқталып, бірнеше бағытта нақты тапсырмалар берді. Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақ. Ал осы ұрпақтың саналы, білімді, тәрбиелі болып өсуі алдымен ата-аналардың одан кейін ұстаздардың қолында. Бүгінгі сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы, сонымен қатар, ЖОО жастарымыздың тәрбиесі мен білім алуы жолындағы проблемаларының шешілу жолдарына баса назар аударды. Біріншіден, мектепке дейінгі тәрбие саласына 30% жалақысына қосылғаны және оны алдағы уақытта жоғарылату қажеттілігін, екіншіден, педагогикалық білімі бар жастардың өз мамандығы бойынша басым бөлігі жұмысқа орналаса алмайтынын, үшіншіден, жыл сайын демографияның өсіп келе жатқанына байланысты мектептердің жетіспеушілігін шешу, төртіншіден, ауыл мектептері мен қала мектептері арасындағы білім алшақтығын қысқарту, бесіншіден, қазіргі мектердегі оқушылар қауіпсіздігі мәселесін шешу тұрғысында сөз болды. Оқу-ағарту және Ғылым мен жоғары білім министрліктерінің алдында осы тапсырмаларды орындауға байланысты үлкен міндет тұр. Бұл міндет тек министрлік пен үкіметтің алдындағы міндет емес, бүкіл халықтың алдындағы баршамызға ортақ міндет. Ел президентінің бүгінгі білім қызметкерлерінің алдындағы жолдауы шын мәнінде баршамызды алаңдататын, болашағымызға алыстан көз жүгіртетін, бүкіл ұлт болып толғанатын мәселе. Баршаңызды ұлтымыздың болашағы мен мемлекетіміздің тұтастығын мәңгілік ұстап тұратын жастарымыздың болашағы деп білуіміз керек», деді депутат.

Серіктес жаңалықтары