Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталғаны қуантады – қоғам қайраткері

Мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті.

Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталғаны қуантады – қоғам қайраткері
aqmeshit-zhastary.kz
737

Қоғам қайраткері Ербол Теміров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін Республикалық педагогтер съезінде сөйлеген баяндамасына қатысты өз ойын ортаға салды.

"Біз не көрмедік? Институтты аяқтап, ұстаздық ұлы жолға түскен 2000 жылдардың басында мектеп мұғалімдерінің жағдайы қандай еді? Жиналыс сайын зал толтырып, бала санын білу үшін үй аралап, Наурыз мерекесінде киіз үй тігіп, сайлау алдында халықтың пікірін білу үшін интервьюер де болған едік. "Жазған құлда шаршау жоқ" дегендей осындай қоғамдық жұмыстың көптігіне қарамастан негізгі міндеттерімізді де абыроймен атқарып жүрдік. Осының салдарынан 2014 жылы мектептен шығып, мемлекеттік қызметтің де дәмін көрдік. Мектепте болмаған қағазбастылық пен қым-қуыт, ұшы-қиыры жоқ шаралардың шырғалаңында біраз уақыт жоғалтып алдым. 2019 жылы Мемлекет басшысының пәрменімен «Педагог мәртебесі туралы» жеке заң қабылданды. Мұғалімдердің жалақысы 2 есе өсті. Соған қарай жауапкершілік те артты. Әсіресе, Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталғаны қуантты", – деді Е.Теміров.

Серіктес жаңалықтары