Қарағанды облысының тұрғыны өмірін қатерге тігіп, суға батқан адамды құтқарды

Cуға батқан жігіттер Батық ауылына қонаққа келіп, балық аулауға шыққан.

Қарағанды облысының тұрғыны өмірін қатерге тігіп, суға батқан адамды құтқарды
Фото: видеодан кадр
2675

Қарағанды облысы Шет ауданының 30 жастағы тұрғыны Еламан Одесхан өмірін қатерге тігіп, суға батқан екі жігіттің бірін құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, суға батқан жігіттер Батық ауылына қонаққа келіп, балық аулауға шыққан. Ал Еламан сол күні сол маңда атын бәйгеге баптап жүрген. Су қоймасында көмекке шақырған адамның жан даусын естіп, ол шешініп, мұздай суға секірген. 50 метрге дейін жүзіп барып суға кеткен екі адамның біреуін жағаға алып шыққан. Екіншісі су бетінен өрінбей қалған.

«Жағаға сүйреп алып шықтым. Жағаға шыққанда дем беріп, жанына қисайтып, алғашқы көмек көрсеттім. Амал қанша, екінші баланы құтқара алмадым. Үлгере алмадым», - дейді Еламан Одесхан.

Суға батып кеткен 27 жастағы қызылордалық тұрғының денесін құтқарушылар кейін тапқан. Ал Еламан құтқарған азамат Түркістан облысының тумасы болып шыққан.

Серіктес жаңалықтары