Азиада-2023: қазақ балуаны алтын жүлде үшін таласқа түседі

Қазақ балуаны жапониялық Кацуаки Эндомен күш сынасады.

Азиада-2023: қазақ балуаны алтын жүлде үшін таласқа түседі
olympic.kz/
1593

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Мейіржан Шермаханбет Ханчжоудағы Азиаданың финалында белдеседі, деп хабарлады turkystan.kz.

67 келідегі жартылай финалда қазақ балуаны ирандық Сейед Даниал Сейед Шамсоллах Сохрабиді жықты. Осылайша, Мейіржан кемі күміс жүлдеге ілігіп отыр. 

Vesti.kz сайтының мәліметінше, енді алтын үшін белдесуде қазақ балуаны жапониялық Кацуаки Эндомен күш сынасады.

Финал астана уақытымен 15:00-де басталады.

27 жастағы Мейіржан 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2019 және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері (күміс және алтын).

Серіктес жаңалықтары