9 жастағы қызды ұрлап әкеткен қылмыскерді ақша талап еткен хаттағы саусақ ізі бойынша тауып алған

9 жастағы қызды шкафтың ішінде қамалып отырған жерінен тауып алып, ата-анасына табыстады.

9 жастағы қызды ұрлап әкеткен қылмыскерді ақша талап еткен хаттағы саусақ ізі бойынша тауып алған
lzf/Shutterstock.com.
1291

Нью-Йорк штатының полицейлері демалыс күні велосипед тебуге шығып, ізінше жоғалып кеткен 9 жастағы Шарлотта Сенаны тауып алды, деп хабарлады turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Шарлоттаны екі тәулік бойы полицейлер, туысқандарынан бөлек, жүздеген ерікті іздестірген. Екі күннен соң бәзбіреулер Шарлоттаның үйіне сұраған ақшасын берсе, қызды босататынын жазып  хат жіберген.

Полицейлер хатта қалған саусақ іздері арқылы 1999 жылы мас күйінде көлік айдағаны үшін жауапқа тартылған 47 жастағы Крейг Нельсон Россты қамауға алды.

Анасының үйіне жасырынған ол полицейлерге тойтарыс беруге тырысқан, алайда үйді қоршап алған полицейлер оны құрыққа түсірді. Ал Шарлоттаны шкафтың ішінде қамалып отырған жерінен тауып алып, ата-анасына табыстады.

Серіктес жаңалықтары