Павлодарда жаяу жүргіншілер жолында екі қызды көлік қағып кетті
Дәрігерлер екі қыздың жағдайы туралы айтып берді.
Павлодарда екі кәмелетке толмаған қызды көлік қағып кетті. Олар түрлі дене жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 2 қазан күні кешкі сағат 19:04-те Ак. Шөкин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында Chevrolet Onix маркалы көліктің иесі 14 жастағы екі қызды қағып кетті. Олар жолды жаяу жүргіншілер өткелінен өткен. Жол апаты салдарынан жасөспірім қыздар ауруханаға жеткізілді.
Облыстық балалар ауруханасында зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтып берді.
«Олардың бірі мидың шайқалуы деген диагнозбен травмотология бөлімшесінде жатыр. Екінші қыз бірқатар жарақат алған, ол үйге жіберілді», – деді аурухананың баспасөз қызметінде.
Полиция қызметкерлері тергеуді бастады. Көлік айып тұрағына қойылды.