Ақтөбе тұрғыны эвакуатордың көмегімен көлікті ұрлап кеткен

Көлікті 120 мың теңгеге тапсырғаны анықталды.

Ақтөбе тұрғыны эвакуатордың көмегімен көлікті ұрлап кеткен
polisia.kz
803

Ақтөбе қаласының полиция бөліміне 20 жастағы жігіт көлік ұрлығы туралы арызданды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, қыркүйектің соңғы күні көпқабатты үйдің артында жүруге жарамсыз күйде тұрған Mercedes-Benz E 280 автокөлігі ұрланған.

Полиция қызметкерлері көлікті автобөлшектер саудалайтын жерден тауып, оны мұнда эвакуатормен әкелген 32 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің эвакуатор жалдап, оның көмегімен автокөлікті осында әкеліп, 120 мың теңгеге тапсырғаны анықталды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары