Семейде автобус ішінде зейнеткер мен жасөспірім төбелескен (ВИДЕО)
Зейнеткер 15 жастағы жасөспірімнен орын беруін өтінген.
Әлеуметтік желіде Семейде автобус ішінде зейнеткер мен жасөспірімнің төбелескен видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Автобустағы жанжал жасөспірім қолына пакет ұстаған қарияға орын бермегендіктен туындады. Қария баладан орын беруін өтінген, ал ол бас тартқан», – делінген жазбада.
Абай облысы Полиция басқармасының өкілдері жанжал шығарушыларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Белгілі болғандай, жанжал №41 автобуста болған. 15 жастағы жасөспірім «Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Сондай-ақ жасөспірімнің мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады.