1145
Елге заңсыз жолмен 48 келі алтын әшекей бұйымдарын әкелген азамат ұсталды
Аталған жүк автокөліктің жасырын орнынан табылды
28 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Қазақстанға ірі көлемдегі зергерлік бұйымдарды заңсыз жолмен алып кіргендерді қолға түсірді, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жүк автокөліктің жасырын орнынан табылды. Тәркіленген заттың алдын ала салмағы 48 келіден асады.
Аталған факті бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.