Ханчжоудағы Азия ойындарында 92 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшы Cағындық Тоғамбай Иран елінің спортшысы Туфан Шарифиді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Осылайша, Сағындық кемі Азиаданың қола медалін иеленеді.
Cағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жегінде моңғолиялық Бариахаан Доржды уақытынан бұрын жеңген.