Астанадан шығатын бірқатар пойыз билеті жеңілдікпен сатылады

«Тальго» пойыздарының үш бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізді

Астанадан шығатын бірқатар пойыз билеті жеңілдікпен сатылады
sputnik.kz

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы темір жол билеттеріне күзгі жеңілдіктер жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Тальго» пойыздарының үш бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізді. Ол осы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазаны және 6 қарашасынан 7 желтоқсаны аралығында болмақ.

«Тальго» пойыздарының маршруттарына жеңілдіктер енгізу туралы шешім оның танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды», – делінген хабарламада.

Жеңілдіктер мына маршруттарға қатысты беріледі:

-20% жеңілдік – №79/80 «Астана – Арқалық» бағытына;
-30% жеңілдік – №81/82 «Астана – Қостанай» бағытына;
-40% жеңілдік – №65/66 «Астана – Жезқазған» бағытына.

Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты тегін «1433» нөмірінен және «KTZH_PP_BOT» телеграм-бот арқылы алуға болады.