Павлодар облысында жол апатынан жүкті әйел зардап шекті

Павлодар облысында екі көліктің соқтығысуынан төрт адам зардап шекті

Павлодар облысында жол апатынан жүкті әйел зардап шекті
ашық дереккөз

Павлодар облысында жол апатынан жүкті әйел зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Екібастұз - Бәйет ауылы арасындағы тас жолда трікелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, екі көліктің соқтығысуынан 32 жастағы жүкті әйел мен 25 пен 29 жас аралығындағы үш ер адам зардап шекті. Олардың барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Демалыс күндері болған апаттардың басым бөлігі кешкі уақытта болған. Әрине, полицейлер себептерді анықтауы керек, бірақ тәжірибеге сүйене отырып, олар көбінесе жылдамдық режимін сақтамауда және қарапайым немқұрайлылықта болады. Бірақ осыған байланысты адамдар ауыр жарақат алуы мүмкін, тіпті ажал құшуы мүмкін», – деді облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.

Станцияда жол қозғалысының барлық қатысушыларын өздеріне және басқаларға қауіп төндірмеу үшін жол ережелерін сақтауға шақырады.