3850 доллар: Маңғыстау облысында ер адам жалған ақша сатқан

Жалған ақша сатқан ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

3850 доллар: Маңғыстау облысында ер адам жалған ақша сатқан
Shutterstock

Маңғыстау облысында жалған ақша купюраларын өткізумен айналысқандардың әрекеті әшкереленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұсталған азамат номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан.
 

«Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату фактісі анықталып, жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді», – делінген хабарламада.
 

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.