2230
Астана тұрғындары көшеге шығып, жолды жауып тастады
Полицейлер тәртіпті бұзушыларға айыппұл салды.
Астана тұрғындары жолды жауып тастады, өйткені «Кент» дәмханасының қожайыны үйлері мен мекеменің арасына шағын қоршау орнатып қойған. Тұрғындар соған наразы, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жолды заңсыз жауып тастаған елорда тұрғындарына айыппұл салынды. Үй тұрғындары 23 қыркүйек күні кешке «Кент» дәмханасының қожайыны үйлері мен мекеменің арасына шағын қоршау орнатқанына наразылықтарын білдіріп, жол жиегіне шыққан.
Бірнеше минут бойы бұл тұрғындар жолды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтіріп, төтенше жағдай туғызған.
Полицейлер олардың әрекетін заңсыз деп танып, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға айыппұл салды. Айта кету керек, мұндай әрекеттерге жол берілмейді, өйткені олар ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.