Шымкенттегі ауруханада науқас дәрігерлермен төбелесті (ВИДЕО)

Оқиға Шымкенттегі токсикологиялық орталықтың жансақтау бөлімінде болған

Шымкенттегі ауруханада науқас дәрігерлермен төбелесті (ВИДЕО)
скриншот

Әлеуметтік желіде ер адам медицина қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтып, дәрігерлердің бірін ұрып жібергені туралы видео тарады. 

Алғашында дәрігерлер науқасты тыныштандыруға тырысқанымен, ол жай сөзге көне қоймаған. Ер адам барлық жедел жәрдем қызметкерлерін қорқытып, кейін оларға қол көтерген. Төбелес басталғаннан кейін медицина қызметкерлері науқастарды басқа палатаға ауыстырып, жақын маңдағы ер адамдарды көмекке шақырған.

Жедел жәрдем дәрігерлері айғайға басқан науқасты еденге жатқызып, тыныштандырды.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап, хабар берді.

«20 қыркүйек күні сағат 19:50-де Гипербариялық оксигенация орталығына 1995 жылғы азамат жедел медициналық жәрдем көлігімен жеткізілген. Жақындарының айтуынша, пациент улы сұйықтық ішкен. Науқасты дәрігерлер тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты, тыныштандыру, ем шараларын жүргізу мақсатында  жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда науқас көмек көрсетуге қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен. Болған жағдайға байланысты 102 қызметіне хабар берілді», - делінген хабарламада.