Астанада брендтік дүкеннен киім ұрлаған азамат ұсталды

Полицейлер 26 жастағы елордалық азаматты ұстады

Астанада брендтік дүкеннен киім ұрлаған азамат ұсталды
polisia.kz

Астанада брендтік дүкеннен киім ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Елордалық дүкеннің өкілі сөреден тауардың ұрланғаны туралы полицияға хабарлаған. Аталған қылмыс қаладағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде орын алған.

«Ұрлық сәті сауда залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада белгісіз ер адам дүкенге келіп, ілулі тұрған күртешені алып кетіп бара жатқаны көрінеді. Белгілі болғандай, ер адам дүкеннің алдынан өтіп бара жатып, тауарлар сөресінде тұрған құны 189 мың теңге тұратын күртешеге көзі түскен. Жан-жағында адам жоғын пайдаланып, киімді ілгіштен шешіп алып, белгісіз бағытта кетіп қалған», – Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ер адамды анықтады.

«Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы елордалық азамат болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.