«175 тонна»: БҚО-да шаруа қожалығының қысқа дайындаған шөбі түгі қалмай жанып кетті

Бұл – «Алижан» шаруа қожалығының қысқа қамдаған шөбі.

«175 тонна»: БҚО-да шаруа қожалығының қысқа дайындаған шөбі түгі қалмай жанып кетті
Фото: БҚО ТЖД
1085

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долинное кентінде қысқа дайындалған 175 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  бұл – «Алижан» шаруа қожалығының қысқа қамдаған шөбі.

«Сағат 16:37-де 101 пультіне шаруа қожалығының қорасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер шамамен 300 шаршы метр алаңда бөлек тұрған 175 тонна мая етіп үйілген пішен өртеніп жатқанын анықтады», - деді ведомстводан.

Тілсіз жау түн ауа сағат 00:20-да толық сөндірілді. Ол үшін 3 адам, 1 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер адам шығыны жоқ екенін мәлім етті.

 

Серіктес жаңалықтары