Павлодарда сегіз ай бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

Жігіт мал бағып жүрген жерінен табылды

Павлодарда сегіз ай бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды
basta.kz/

Павлодарда сегіз ай бұрын жоғалып кеткен жігіт мал бағып жүрген жерінен табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, оның қайда жүргенін еріктілер анықтаған.

Vita еріктілерінің айтуынша, бағдарынан айырылған 1998 жылғы Батырбек есімді жігіт 2023 жылдың 28 ақпанында үйінен шығып, жоғалып кеткен.  

«Туыстары оның позитивті, сабырлы екенін айтады. Бірақ ерте жастан облыстық психоневрологиялық диспансерде тіркелген. Сол кезде құқық қорғау органдары мен біздің іздеушілер жүргізген іздеу іс-шаралары ешқандай нәтиже бермеді. Дегенмен ол табылып қалады деген ниетпен  үмітімізді үзбей, ақпаратты жаңартып отырдық», – деді ұйымда.

Жақында жоғалған жігіттің әкесі біреу оның ВК әлеуметтік желісіндегі парақшасынан шығатыны жайлы хабарлаған. Бұдан кейін еріктілердің бірі хабар-ошарсыз кеткен адаммен байланысып, сеніміне кірген соң оны іздеуден алып тастау керек екенін түсіндірген. 

Осылайша өзара хат алмасу шамамен бір аптаға созылған. Ол өзінің жағдайы жақсы екенін және жұмыс істеп жатқанын айтып, басқа ақпарат беруден бас тартқан. 

Бұдан әрі еріктілер нақты мекенжайды білмесе де жігітті іздеуге бел байлап, таңғы бесте жолға шығады. Осылайша оның жүрген жерін анықтайды. 

«Vita» Павлодар қаласының іздеушілері» ҚБ басшысы Екатерина Кудрявцева хабарсыз кеткен жігіт Жезқазған облысында  шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен табылғанын хабарлады.

«Көлікте жақын маңдағы тірек пунктіне жеткізгенге дейін өзінің басынан өткерген оқиғаны айтып берді. Бала кезінде өгей әкесімен сөзге келіп қалған кезде үнемі облыстық диспансерге орналастырған және сол жерде диагноз қойылған. Ол жұмыс істеп, жай ғана өмір сүргісі келеді. Қой бағып жүрген. Екі рет алдап кеткен. Соңғы орналасқан шаруа қожалықта еңбекақысын төлеп тұрған. Оның мұнда қалуы үшін жағдайды түсіндіруге тырысамыз. Бірақ өкінішке қарай, заң бойынша бағдарынан айырылған адам ретінде Павлодарға қайтару керек», – деді Екатерина Кудрявцева.