1088
Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласынан әйелдің денесі табылды
Астанада 53 жастағы әйелдің денесі ауладан табылды
Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны», - делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Бүгінде сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.